Хадис шәрифтерде былай делінеді:
- Кімде-кім азанда-кешке 3 рет «Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил-арди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиул-алим» десе, оған ешнәрсе зиян келтіре алмайды.
- Кімде-кім таңертең 3 рет «Әузу билләһиссәмиил-алими минәш-шайтанирражим» деп, Хашр сүресінің соңғы 3 аятын оқыса, Аллаһ оған 70000 періштені өкіл етеді, олар кешке дейін оған дұға етеді.
- Кімде-кім азанда-кешке 7 рет «Хасбуналлаһу ла илаһә иллә Һу, алейһи тәуәккәлту уә хуә Раббул-аршил-азим» десе, Аллаһ оның дүние мен ақырет істеріне көмектеседі.
- Күнде 100 рет «Лә хаулә…» -ны оқыған адам ешқашан кедейлікті басынан кешірмейді. Бұл жұмақ қазыналарының бір қазынасы.
- Күнде маған 100 рет салауат айтқан адам мұнафықтық пен тозақ отынан алыстайды және қиямет күні шәйіттермен бірге болады.
- Кімде-кім күнде 70 рет кешірім сұраса, (астағфируллаһ) десе, 700 күнәсі кешіріледі.
- Күнде 25 рет «Аллаһумма барик ли филмәут уә фи-ма бадәл-маут» дегендер, өлгелі жатқанда 40 рет «Ла илаһә иллә әнтә субханакә инни кунту мин-әз-залимин» дегендер, күнде кешке Ясин сүресін оқығандар, күнде таңертең немесе кешке 3 рет «Әузу билләһиссәмиил алими минәш-шайтанирражим» мен «Һуаллаһулләзи»-ді оқығандар шәйіт болады.
- Күнде таңертең Аятул курси, Ихлас және Фатиханы оқып, өлгендердің рухына бағыштау керек.
- Дерттен құтылу, мақсатқа жету, дін және дүние зарарынан құтылу үшін 500 рет «ла хаулә уәлә қууатә иллә биллаһ» және басы мен соңында 100 реттен салауат оқып, дұға ету керек.